Онлайн «Халық Газетінің» 2026 жылғы «Қытайға сапар» зерттеу сапары Цзянси өлкесінің Юйду ауданында басталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 мамыр

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Қызыл Армиясының Ұлы жорығының жеңісіне 90 жыл толуына орай, Онлайн «Халық Газеті» 2026 жылдың 11 мамырында Цзянси өлкесінің Юйду ауданында «Қытайға сапар» атты ірі зерттеу және сұхбат жобасын ресми түрде бастады. «Жаңа дәуірдегі Ұлы жорық жолымен жүру» тақырыбы аясында 31 зерттеу тобы ел бойынша аттанып, Қытайдың жаңа дәуірдегі даму оқиғаларын баяндайды.

Юйду – 90 жыл бұрын Орталық Қызыл Армияның Ұлы жорығын бастаған тарихи орын. Бүгінде бұл революциялық көне қала әртүрлі тәсілдермен қызыл рухты жалғастыруда.

Сонымен қатар, Юйду жаңа даму тарауын жазып жатыр. Аудан бойынша 186 бай мазмұнды өнеркәсіптік база құрылып, көкөністердің жалпы өндірістік құны 3,8 миллиард юаньнан асты.

Өнеркәсіп саласында Цзянси Мақта-Тоқыма тобы («Jiangxi Weimian Textile Group») сияқты кәсіпорындар «Чжифан Юньлянь» («Zhifang Yunlian») жасанды интеллект жүйесін енгізіп, өндірістің цифрлық басқаруын жүзеге асырды. Қазіргі таңда Юйдуда 109 ірі кәсіпорын цифрлық трансформацияны аяқтаған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото