Бірлескен күш, жаңа мүмкіндік: Бірінші тоқсанда Сицзанда туристер саны 6,19 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 12 мамыр

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Биік таулы ауа райына байланысты бұрын «ең суық» маусым саналған Сицзанның қысқы туризмі биылғы бірінші тоқсанда «жарқын бастамаға» қол жеткізді: ішкі және шетелдік туристер саны 6 миллион 193 мың 300 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 30%-дан астам өсті; А деңгейіндегі 211 туристік аймаққа келушілер саны 33,78%-ға өсті, азаматтық авиацияның жолаушылар айналымы 15,2%-ға артты.

Бұл өзгерістің артында көп тараптың бірлескен күш-жігері мен нақты бағытталған саясат тұр. Көлік саласы ілгерілеуде – автомобиль, теміржол және авиациялық желілер «Тәуекелге толы асуларды ыңғайлы жолға айналдырды»; 2018 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан «Қыста Сицзанда туризм» саясаты А деңгейіндегі туристік аймақтарға кіру билетін тегін ету, көлік қатынасы және қонақ үйге тұру жеңілдіктері, туроператорларды марапаттау арқылы туристік ағынды реттеу сынды шаралар қонақ үйлердің толымдылық көрсеткішін 12 пайыздық тармаққа арттырды. Оттегі тапшылығы мәселесін шешу үшін бүкіл аймақта «оттегіге бай туризм» насихатталып, оттегімен қамтамасыз ету бекеттері құрылып, 200-ден астам жанармай құю бекеті тегін оттегі ұсынды. Бүкіл елдің қолдауына және «Ежелгі Сицзан» рухына сүйене отырып, үкімет, нарық, ғылым мен техника және туристердің ортақ әрекетінің күш-жігерін біріктіре отырып, биік таулы аймақтың «суық» ресурстары дамудың «ыстық» қозғалтқышына айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото