- Барлық ақпарат
Университет студенттері жолаушыдан жүргізушіге айналып, науқасты ауруханаға жеткізді

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжіңдегі университеттің екі магистранты интернеттен шақырған көлікпен келе жатып, кенеттен ми инфарктісін алған жүргізушіге дер кезінде көмек көрсетті. Олар дереу жүргізушіні емханаға жеткізіп, уақытында медициналық көмек алуына тікелей себепкер болды.
5 сәуір күні екі жас таксиде келе жатқанда, жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, олардан басқа көлікке ауысуын сұрайды. Алайда, жүргізушінің бірден денесі ұйып, көлікті басқара алмай қалады. Жағдайдың күрделілігін байқаған олардың бірі жүргізушінің келісімін алғаннан кейін рульге отырып, жүргізушіні артқы орындыққа жайғастырып, ең жақын ауруханаға қарай жол тартады. Екіншісі жүргізушінің отбасына қоңырау шалып, олардың ауруханаға дереу жетуін сұрайды.

Ауруханаға келгеннен кейін, екеуі жедел жәрдем әрекетіне көмектеседі. Тексеруден кейін жүргізушіге ми инфаркті диагнозы қойылады. Ауруханаға жедел жеткізілудің арқасында науқас дер кезінде тиісті медициналық көмек алады. Екеуі жүргізушінің отбасындағылар келгенге дейін ауруханада болып, оған қамқорлық көрсетеді.
Емдеуден кейін жүргізушінің жағдайы тұрақтанып, ауруханадан шықты.
Жақында жүргізуші мен оның отбасы университетке арнайы барып, магистранттарға естелік баннер мен алғыс хатын табыстады. Білім алушылар болса ажал аузындағы адамды құтқарып қалу адамгершілік әрі өздерінің міндеті екенін айтты.

people.cn © People's Daily Online



