Қытайдың жаңа энергетикалық көліктері Азия-Тынық мұхиты аймағына жасыл шешім ұсынуда

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 13 мамыр

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары қытайлық жаңа энергетикалық көлік компаниялары Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономика саласының инвестицияларын арттырды. Мысал ретінде Тайландты алайық. Болашақта Тайланд автомобиль жеткізу тізбегін құруға баса назар аударып, жергілікті өнеркәсіп саласының жеткізушілерін белсенді дамытпақ. Сол сияқты толық көлік шығарушы кәсіпорындар мен автокөлік бөлшектері индустриясын одан әрі қолдайтын болады. Тайланд индустриялық экономика департаментінің жоспарлау және талдау жөніндегі сарапшысы Осайн Вироджачаның айтуынша, Тайланд сондай-ақ кадрлар даярлауды күшейтіп, ғылыми-зерттеу және инновациялар мен индустриялық стандарттарды құруға құлшынуда. Болашақта Тайланд қытайлық кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырып, ортақ дамуға қол жеткізе алады.

Мексикалық сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары қытайлық брендтер Мексиканың автомобиль нарығындағы электромобильдер сатылымының өсуіне серпін беріп, өсім 20%-дан асқан. Сонымен қатар, қытайлық автомобиль брендтерінің Мексика нарығына кіруі оларға көптеген инновациялық технологияларды да алып келді. Мексика автобөлшектер қауымдастығының басқарушы директоры Габриэль Падильяның айтуынша, олар алдыңғы 20 жылға арналған жоспар құруда. Сондай-ақ жаңа инвестиция тарту бағдарламаларын ілгерілетіп, әсіресе Қытайдан келетін инвестицияларға белсенділік танытып, жеткізу тізбегінің технологиялық жаңғыртуын тезірек аяқтауға ұмтылуда.

Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы жауапты өкілінің айтуынша, жасыл және төмен көміртекті аспектіде қытайлық жаңа энергетикалық көліктер дизайн, өндіріс, пайдалану және қайта өңдеу кезеңдерінде – толық өмірлік цикл арқылы төмен көміртекті тұжырымдаманы ұстанады. Азия-Тынық мұхит аймағының дамуына көмектесу тұрғысында Қытай әр өңірдің ерекшелігіне сай әрекет ету, ынтымақтастық және ортақ пайда табу қағидаттарын ұстанып, АТЭС аясындағы жасыл және төмен көміртекті өзара байланысқа белсене қатысып, Азия-Тынық мұхит аймағы тұтынушыларына жасыл жол жүру қызметін ұсынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото