Осы жылдың алғашқы 4 айында Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» елдерімен тауар айналымы 13,5%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 мамыр

14 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Кеден статистикасына сәйкес, биыл алғашқы 4 айда Қытайдың сыртқы саудасының жалпы көлемі 16,23 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға өсті. Оның ішінде экспорт көлемі 9,33 триллион юань болып, 11,3%-ға өсті; импорт көлемі 6,9 триллион юань болып, 20%-ға өсті.

Сауда серіктестері тұрғысынан алғанда, алғашқы 4 айда Қытай мен АСЕАН арасындағы сауда көлемі 2,75 триллион юаньға жетіп, 15,7%-ға өсті; Қытай мен Еуропа Одағы арасындағы сауда көлемі 2,01 триллион юаньға жетіп, 13,2%-ға өсті. Сәйкес кезеңде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша әріптес елдермен тауар айналымы 8,28 триллион юаньға жетіп, 13,5%-ға өсті.

Сауда түрі тұрғысынан алғанда, алғашқы 4 айда Қытайдың жалпы саудасының көлемі 9,82 триллион юань болып, 8,5%-ға өсті; өңдеу саудасының көлемі 3,08 триллион юань болып, 21,3%-ға өсті; кеден қоймасы логистикасының көлемі 2,81 триллион юань болып, 38,7%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото