Қытайлық компания адам отыратын механикалық костюм ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 мамыр

Сурет Синьхуа агенттігінен алынды

15 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық робототехника компаниясы Unitree Technology жақында адам тасымалдайтын трансформацияланатын механикалық костюм «GD01» шығарып, көпшіліктің назарын аударды.

Мәліметке сәйкес, «GD01» азаматтық көлік құралы ретінде қолданылады. Адамды отырғызғаннан кейінгі жалпы салмағы шамамен 500 килограммға тең болады. Көлікте адам отыратын орындар бар. Бірнеше секунд ішінде екі аяқпен және төрт аяқпен жүру режимдеріне ауысқанда, тепе-теңдікті тұрақты сақтайды.

Чжэцзян өлкесінің ғылыми-техникалық ағарту қауымдастығының төрағасы Чжоу Гохуэйдың пікірінше, бұл Unitree Technology компаниясының қозғалысты басқару, жоғары межедегі қозғалтқыштар саласындағы негізгі технологияларды жинақтап көрсетеді.

Ван Синсиннің айтуынша, бұл механикалық костюм әлі де әзірлену және жетілдірілу үстінде. Сала мамандарының көрсетуінше, оның үздіксіз жұмыс істеу уақыты анықталмаған, буындардың жылу бөлуі, энергия тұтынуы секілді негізгі тиімділік көрсеткіштері әлі жарияланбаған. Ал интеллектуалдық деңгейі әлі де жақсартуды қажет етеді.

Мәліметтер бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың әртүрлі робот экспортының жалпы көлемі 11,32 миллиард юаньды құрап, 148 ел мен аймаққа сатылды. 2025 жылы Unitree Technology компаниясының адам тәрізді роботтарын жөнелту көлемі 5500 бірліктен асты. Ал төрт аяқты роботтардың әлемдік нарықтағы үлесі 60%-70% құрады. Ван Синсин адам тәрізді робот технологиясы мен өнімдері әлі «бастапқы кезеңде» екенін, соған байланысты қиындықтардың жоқ еместігін және саланың үздіксіз инвестиция салуды қажет ететінін ашық айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото