ZXMOTO мотоциклы қатарынан екі мәрте чемпион атанды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 мамыр

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 16-17 күндері 2026 жылғы Супербайк бойынша әлем чемпионатының (WSBK) Чехия кезеңіндегі WorldSSP тобының бірінші және екінші жарысында қытайлық бренд ZXMOTO мотоциклының француз жүргізушісі Валентин Дебис үздіксіз жеңіске жетті. Валентин Дебис осы кезеңнің екі жарысында да топ жарды, өзі және командасы үшін маусымның төртінші және бесінші чемпиондығын жеңіп алды. Ол жүргізушілердің жалпы нәтижесі бойынша екінші орынға көтерілді, ал ZXMOTO мотоциклы өндірушілер арасында үшінші орында тұр.

Сурет Синьхуа агенттігінен алынды

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото