Қазақстанның Астана қаласында қытайлық компания салған ЛРТ пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 мамыр

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан елордасы Астанада 16 мамырда қытайлық компания салған ЛРТ жобасының бірінші кезеңін пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЛРТ-ның алғашқы жолаушысы ретінде әуежай стансасынан Ұлттық музей стансасына барды. Президент Тоқаев қытайлық құрылысшыларға алғыс айтып, Астана ЛРТ-сының пайдалануға берілуінің маңызы зор екенін, болашақта Астана Еуропа мен Азия аймағының көлік торабына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан тарапынан жобаны басқарушы «Astana City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, Астана ЛРТ – Орталық Азиядағы тұңғыш қалалық жеңіл рельсті жол. Пайдалануға берілген бірінші кезеңнің жалпы ұзындығы шамамен 22,4 шақырымды құрап, 18 стансаны қамтиды. Бұл жол әуежай, Назарбаев университеті, Ұлттық музей, жаңа теміржол вокзалы сынды Астананың маңызды сәулет нысандары мен негізгі функционалды аймақтарын жалғайды.

Қазақстан Президенті әкімшілігінің мәліметінше, қалалық қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында Астанада ЛРТ жобасының екінші кезеңін жоспарлау және жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото