Қытайда жүзден астам арналы толық инвазивті ми-компьютер интерфейсі клиникалық сынаққа енді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 19 мамыр

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамырда жүзден астам арналы толық инвазивті ми-компьютер интерфейсі жүйесінің көп орталықты клиникалық сынағы Бейжіңдегі астаналық медициналық университетіне (CCMU) қарасты Бейжің Тяньтань ауруханасында басталды. Бірінші кезекте жұлын жарақатының әсерінен қол-аяғы салданған 32 науқасты зерттеуге қосу жоспарланған.

Астаналық медициналық университетіне (CCMU) қарасты Бейжің Тяньтань ауруханасының нейрохирург маманы Цзя Ванның айтуынша, жұлын жарақатынан болған қол-аяқтың салдануы нейро-медицина саласындағы ең қиын клиникалық мәселелердің бірі. Қолданыстағы оңалту әдістері бұл топтағы науқастардың қозғалыс функциясын қалпына келтіруде мүмкіндігі шектеулі. Ми-компьютер интерфейсі зақымдалған жүйке жолдарын немесе аяқ-қолдарды айналып өтіп, мидың қозғалыс ниетін тікелей оқиды және орындай алады, бұл келешегі зор медициналық қолдану мүмкіндігін көрсетіп, инновациялық емдеу жолына айналуы мүмкін.

«Бұл толық инвазивті ми-компьютер интерфейсі технологиясы алдын ала сынақтарда жақсы қауіпсіздік пен тиімділікті көрсетті. Қазіргі уақытта ел бойынша 11 медициналық мекеме осы клиникалық сынақтың зерттеуіне қосылды», – деді Цзя Ван.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото