Ұлттық философия және әлеуметтік ғылымдар орталығының құжаттамалары 28 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 19 мамыр

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамыр күні Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының кітапханасы «Ұлттық философия және әлеуметтік ғылымдар құжаттамасының құрылыс жетістіктері туралы есепті (2016–2026)» және «Ұлттық философия және әлеуметтік ғылымдар құжаттамасының ең танымал журналдары туралы есепті (2025)» жариялады.

Есепте Ұлттық философия және әлеуметтік ғылымдар құжаттамасының қазіргі уақытта 28 миллионнан астам деректер жазбасы бар екені, қаралым саны 1,9 миллиардтан астам және 230 миллионнан аса оқу мен жүктеу жағдайлары тіркелгені көрсетілген. 2025 жылы орталық өз веб-сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасын іске қосып, шетелдік қаралымының өсу қарқыны 72%-ға жетті. Ал Америка Құрама Штаттары, Франция және Германия шетелдегі ең көп пайдаланатын ел болды. Шетелде тіркелген пайдаланушылардың жылдық өсу қарқыны шамамен 35%-ды құрап, бұл әлемнің 201 елі мен аймағын қамтыды. Журнал есебінде 2151 академиялық журналдың статистикалық талдауы ұсынылған. Онда әрбір журналдың 2025 жылға арналған «танымалдылық индексін» кешенді бағалау негізінде «Ең танымал журналдарды» қоса алғанда, аса көп қаралатын 253 журнал анықталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото