- Барлық ақпарат
Қытай медицинасы Орталық Азияда - Гуандун қытай медицинасы ауруханасы Қазақстанда алғашқы оқу орталығын ашты

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Гуандун өлкесінің қытай медицинасы ауруханасының омыртқа бағанасына минималды инвазивті хирургия жасау саласындағы сарапшылар тобы Алматы қаласындағы Орталық ауруханаға барып, екі тарап ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осының негізінде Гуандун қытай медицинасы ауруханасының Орталық Азиядағы алғашқы мамандандырылған оқу орталығы ресми түрде құрылды.
Бұл оқу орталығы Алматы қаласының Орталық Азиядағы маңызды торап орнына сүйеніп, Орталық Азияның бес еліне қызмет көрсетуді мақсат етеді. Онда Қытайда бастау алған омыртқа бағанасына минималды инвазивті хирургия жасау технологиясы мен қытай медицинасының реабилитациялық тұжырымдамасы насихатталмақ. Сапар барысында қытайлық мамандар арнайы дәрістер өткізіп, 4 күрделі операцияны көрсету арқылы «минималды инвазивті хирургия + қытай медицинасының реабилитациясы» деген жаңа модельді таныстырды. Бұл модель заманауи эндоскопиялық хирургияны ине шаншу, уқалау сияқты дәстүрлі емдеу әдістерімен ұштастырады. Нәтижесінде науқастың стационарда емделу мерзімі 30%-ға қысқарған. Бұл айқын жетістік қазақстандық мамандардың жоғары бағасына ие болып, қытай медицинасының реабилитациялық технологияларын жергілікті оқу орталықтарының міндетті бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды.

Жоспар бойынша, оқу орталығы алдағы үш жылда Қазақстанға омыртқа бағанасына хирургиялы0 ота жасау саласындағы 50 үздік дәрігер даярлауға бағытталған. Бұл – қытай медицинасының Орталық Азия аймағында кеңінен қолданылу мен жергілікті жағдайға бейімделу жолындағы маңызды қадам.
people.cn © People's Daily Online



