- Барлық ақпарат
Қытайдағы тіркелген жеке кәсіпорындар саны 61 миллионнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшіліктің 19 мамыр күні жариялаған мәліметіне сәйкес, сәуір айының соңындағы жағдай бойынша Қытайдағы тіркелген жеке кәсіпорындар саны 61,022 миллионды құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға өскен. Олардың ішінде 24,619 миллионы «Төрт жаңа» жеке кәсіпорынға (жаңа технологиялар, жаңа салалар, жаңа бизнес нысандары және жаңа бизнес модельдері) тиесілі. Олар өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 6,9%-ға ұлғайып, жеке кәсіпкерлер жалпы санының 40,3%-ын құрады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



