Тяньцзиньдегі жаңа жұмыспен қамту топтарына арналған алғашқы колледж ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 20 мамыр

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 17 мамыр күні Тяньцзинь қаласы Бэйчэнь ауданында жаңа жұмыспен қамту топтары колледжі ресми түрде сабақтарын бастап, студенттердің алғашқы тобын қарсы алды.

Бұл — қаладағы алғашқы «ерекше колледж». Білім ордасында жүк көлігі жүргізушілері, интернеттен шақыратын такси жүргізушілері, курьерлер және тамақ жеткізу қызметкерлері сияқты жаңа жұмыс түрлерінің жұмысшылары білім алады. Оны Бэйчэнь аудандық комитетінің әлеуметтік жұмыс бөлімі, аудандық кәсіподақтар федерациясы, аудандық кадрлар және әлеуметтік қамсыздандыру бюросы және Бэйчэнь ашық университеті бірлесіп құрды.

Тяньцзинь Бэйчэнь ашық университетінің қолдауымен жұмыс істейтін колледж орта кәсіптік білім және бакалавриат деңгейлерін қамтитын бағдарламаларды ұсынады. Ол онлайн оқытуды демалыс күндеріндегі оқытумен біріктіретін икемді оқыту моделін қолданады және кредиттік жүйе бойынша жұмыс істейді; студенттік тіркеу мәртебесі оқуға түскен күннен бастап сегіз жыл бойы жарамды болады. Осы жаңа жұмыспен қамту салаларында жұмыс істейтін және тиісті академиялық куәліктерді сәтті алғандар белгіленген талаптарға сай болған жағдайда оқу ақысын субсидиялауға өтініш бере алады. Ауылдық жерде тіркелгендерге бір реттік 4000 юань, ал қалалық тұрғындарға 1000 юань субсидия төленеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото