- Барлық ақпарат
Қытайдың солтүстік-батыс аймағынан Германияға алғашқы тікелей рейс ашылады
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 мамыр

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- China Southern Airlines 1 маусымда Гуанчжоу-Үрімжі-Франкфурт бағытын ашады. Бұл Қытайдың солтүстік-батыс аймағынан Германияға ашылған алғашқы тікелей әуе рейсі болмақ.
Дәстүрлі транзиттік нұсқамен салыстырғанда, жаңа бағыт Шыңжаңнан Еуропаға баратын уақытты 4-8 сағатқа қысқартып, Оңтүстік Қытай, Шыңжаң және Еуропа орталығы арасында тиімді байланысты қамтамасыз етеді.
Деректерге сәйкес, China Southern Airlines компаниясының биыл Шыңжаңдағы халықаралық жолаушылар тасымалы 300 мың адамнан асып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



