Қорғас тасжол портында алғашқы төрт айда жолаушылар мен жүк тасымалы көлемі айтарлықтай өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 мамыр

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамыр күні Қорғас портының халықаралық автомобиль көлігі басқармасы жариялаған деректер бойынша, биыл алғашқы төрт айда тасжол портындағы жолаушылар көлемі 292 200 сапарға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға өскен, ал жүк тасымалы 679 100 тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 20%-ға артты.

Жолаушылар тасымалының өсуі Қытай мен Қазақстан арасындағы 30 күндік өзара визасыз режим саясатымен байланысты. Тексеру рәсімдерін жеңілдету арқылы порт әрбір көлік құралын тексеру уақытын бес минуттан бір минутқа дейін қысқартты. Сонымен қатар рұқсаттар мен лицензияларды онлайн өңдеуді енгізу арқылы әр құжатты орташа уақыты 45 секунд ішінде дайындап, порт кеденнен өту тиімділігін айтарлықтай арттырды.

Порт әкімшілігі жолаушылар мен жүктерге кеденнен өткізуді одан әрі жеңілдету үшін ақылды портты дамытуды жалғастыратынын мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото