Жылдың алғашқы 4 айында Чанцзян дельтасы аймағының тауар айналымының жалпы құны 6,14 трлн юаньды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 мамыр

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай кеденінің статистикасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы 4 айында Чанцзян дельтасы аймағының жалпы тауар айналымы 6,14 трлн юаньды құрап, бұл көрсеткіш тарихи кезеңдегі ең жоғары деңгейге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға өсті. Бұл елдегі жалпы тауар айналымының 37,8%-ын құрады. Оның ішінде экспорт 3,83 трлн юань, импорт 2,31 трлн юань болып, бұл елдегі жалпы экспорттың 41%-ын және импорттың 33,5%-ын құрап, сәйкесінше өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға және 20,1%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото