Осы жылдың алғашқы төрт айында Шыңжаңның сыртқы сауда көлемі 4,2%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 мамыр

21 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кеденінің мәліметі бойынша, 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының сыртқы саудасының жалпы көлемі 172,71 миллиард юаньға (шамамен 25,3 миллиард АҚШ долларына) жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға өсті.

Оның ішінде, биылғы сәуір айында Шыңжаңның сыртқы сауда көлемі 62,72 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға артты.

Үрімжі кеденінің хабарлауынша, қаңтар-сәуір аралығында Шыңжаңда сыртқы сауда бойынша нақты нәтижесі бар кәсіпорындар саны 3065-ке жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға өскен.

Оның ішінде, жекеменшік кәсіпорындардың импорты мен экспорты 4,3%-ға өссе, шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындардың импорты мен экспорты 221,8%-ға айтарлықтай артты.

Биыл алғашқы төрт айда Шыңжаңның «Бір белдеу, бір жол» елдерімен сауда көлемі 5,7%-ға өсіп, бұл Шыңжаңның сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі 87%-ды құрады.

Сонымен қатар Шыңжаңның АСЕАН және Африка елдерімен сауда көлемі айтарлықтай артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 35,1%-ға және 158,4%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото