Шыңжаңға елімізге тұңғыш рет қомақты топпен келіп өнер көрсететін жылқылар жетті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 мамыр

22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 20 мамыр күні 129 сапалы жылқы тиелген көлік тобы Алашанькоу портына келді. Қазақстанның Алматы облысынан шыққан өнер көрсететін және көрмеде тұратын жылқылар Шыңжаңға аман-есен жетті. Соңғы жылдардағы елдегі ең ірі импорттық топпен келген жылқылар Шыңжаңның Батысқа ашылған стратегиялық қақпа рөлін көрсетті. Сонымен қатар Орталық Азиядан жоғары сапалы ресурстарды әкелуге берік негіз қалайды.

Жылқылар портқа келгеннен кейін Алашанькоудағы кеден қызметкерлері дереу тексеру және карантиндік процедураларды бастады. Жануарлардың жағдайы жақсы, қызметкерлер тұлпарларды белгіленген қораларға түсірді. Ережеге сәйкес, жылқылар тобы 30 күндік карантиндік кезеңнен өтеді. Одан соң өнер көрсету және ойын қою шараларына қатысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото