- Барлық ақпарат
Екінші Қытай Шыңжаң халықтық өнер маусымы басталды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 мамыр

Фото бұрынғы мәтериялдан
22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Екінші Қытай Шыңжаң халықтық өнер маусымы 22 мамырда Үрімжі қаласында басталды.
Бұл жолғы халықтық өнер маусымы негізінен ашылу рәсімінен, Шыңжаң бойынша халықтық өнер бағдарламаларының Үрімжі қалалық мәдениет орталығындағы бас алаңында, сонымен бірге Шыңжаң халықаралық үлкен базары сияқты 8 филиал алаңында бір мезгілде өткізілетін іс-шаралардан тұрады. Бұл Шыңжаңның әр өңіріндегі халықтың кеңінен қатысуына жол ашады.
Іс-шара барысында елдің әртүрлі өлкелерінен, автономиялы региондарынан және қалаларынан келген үздік халықтық өнер бағдарламалары Шыңжаңның әр өңірінің бағдарламаларымен бірге өнер шеруін жасайды. Осы арқылы әр аймақтың өнер ерекшеліктерін көрсетеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



