Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні: Қытайдағы сирек кездесетін түрлер саны артып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 22 мамыр

22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 22 мамыр күні Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні. Қытайдың Ұлттық орман шаруашылығы және жайылым басқармасы жариялаған деректер елдегі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің жабайы топтарының саны қалпына келуді жалғастырып жатқанын көрсетті. 200-ден астам сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарлар түрлері қалпына келтірудің өсу кезеңіне өтсе, ал 100-ден астам жойылып бара жатқан жабайы өсімдіктер түрлері шұғыл қорғауға алынды.

Қытай биологиялық әртүрлілігі ең бай мемлекеттердің бірі саналады. Елде құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың шамамен 3100 түрі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің 39 мыңнан астам түрі тіркелген.

Ұлттық орман шаруашылығы және жайылым басқармасының Жабайы табиғат және өсімдіктерді қорғау департаментінің қызметкері Чжан Шаньнин соңғы жылдары Қытай жабайы жануарларды және олардың мекендеу ортасын қорғауды үнемі күшейтіп келе жатқанын атап өтті. Ел ұлттық саябақтарды негіз еткен табиғи қорықтар жүйесін, сондай-ақ ұлттық ботаникалық бақтар бастамашылық еткен көшірілген жерді қорғау жүйесін құруды жеделдетті. Сонымен қатар Қытай жойылып бара жатқан 48 жабайы жануарлар түрі мен жойылып бара жатқан 50 жабайы өсімдік түрін төтенше жағдайларда қорғау жобаларын жүзеге асырды, панда, Азия пілі, панголин және қызыл құтан сияқты негізгі түрлерді қорғау және зерттеу орталықтарын құрды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото