- Барлық ақпарат
Халықаралық әуеқатынасына бір жыл: Құлжа әуежайындағы халықаралық терминал арқылы келіп-кетушілер саны тұрақты өсіп келеді

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы, Іле-Қазақ автономиялық облысы, Құлжа әуежайындағы халықаралық терминалдың ресми түрде ашылғанына бір жыл толды. Бір жыл ішінде Алматы (Қазақстан) мен Құлжа арасындағы халықаралық әуе рейсінің тұрақты жұмыс істеуі және рейстер санының артуы арқасында, терминал арқылы келіп-кетушілер саны тұрақты өсіп, адамдар арасындағы байланыс жиіледі.
Деректерге сәйкес, Құлжа әуежайындағы халықаралық терминал ашылғаннан бастап, осы жылдың 17 мамырына дейін Құлжа шекаралық бақылау бекетінің қызметкерлері барлығы 40 мыңнан астам адамды өткізіп, 200-ден астам халықаралық рейске қызмет көрсеткен. Қазіргі уақытта Алматы мен Құлжа арасындағы әуе рейсі аптасына бастапқы 2 реттен 4 ретке дейін ұлғайтылды. Терминал арқылы келіп-кетуші жолаушылар 50-ден астам елдер мен аймақтарды (Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және т.б.) қамтиды. Олар негізінен туризм, сауда-экономикалық байланыстар, туысшылау мақсатында келеді. Адамдар арасындағы байланыс белсенділігі артып келеді.
people.cn © People's Daily Online



