2026 жылғы «Қытай тілі көпірі» байқауының Қазақстан аумағындағы финалы сәтті аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы «Қытай тілі көпірі» байқауының Қазақстан аумағындағы финалы Ақтөбе қаласында 21-22 мамыр аралығында өтті. Байқауға Қазақстан бойынша бес Конфуций институтынан, сондай-ақ басқа да білім беру мекемелерінен 40-тан астам қытай тілін үйренушілер қатысты.

Қытайдың Ақтөбедегі бас консулы Гуо Юй өз сөзінде «Қытай тілі көпірі» Қытай мен Қазақстан арасындағы жастар алмасуы үшін маңызды платформаға айналғанын айтты. Ол қытай тілін үйрену арқылы жастар Қытайды тереңірек түсініп, әлемге деген көзқарастарын кеңейтеді деген үмітін білдірді.

Бастауыш сынып оқушылары арасындағы финал онлайн режимінде өтті. Университет және орта мектеп санаттары бойынша финалдық бәсеке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті, онда қытай тіліндегі баяндамалар, сұрақ-жауап және өнер көрсету сияқты бөлімдер қамтылды.

Нәтижесінде Станислав Тимофеев (Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Конфуций институтының студенті) және Алина Русяева (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Конфуций институтының студенті) университет және орта мектеп санаттарында сәйкесінше бірінші орын алды. Екінші рет қатысып отырған орта мектеп оқушысы Алита Саду оқуын бітіргеннен кейін Қытайдағы университетке түсіп, қытай тілі мен мәдениеті бойынша оқуын жалғастырғысы келетінін айтты.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото