- Барлық ақпарат
Жабайы ақ панда тағы да «кадрға түсті»

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Әлемдегі жалғыз жабайы ақ панда таяуда Сичуань өлкесінің Волун амағында қайтадан «кадрға түсті». Панда ұлттық саябағы жариялаған соңғы бейнематериалда бұл сирек кездесетін ақ панда бұл күнде ересек пандаға айналғаны көрсетілген. 2024-2026 жылдар аралығында түсірілген кадрларда ол байырғы бамбук орманында емін-еркін жүргені, қоршаған ортаға өте жақсы бейімделгені байқалады.

Сарапшылардың айтуынша, ақ панда гендік мутация салдарынан пайда болған альбинизмнің нәтижесі. Оның табиғи ортада ұзақ уақыт бойы сау өмір сүруі - бұл Волун аумағының тамаша экологиялық жағдайын және биологиялық әртүрлілігін көрсетеді.

2019 жылы алғаш рет байқалғаннан бергі бұл жолғы түсірілген бейне материал оның жақсы өмір сүру жағдайын тағы да растайды, сондай-ақ аумақтағы қорғау жұмыстарының нәтижелі екенін дәлелдейді.

people.cn © People's Daily Online



