Мыңжылдық жәдігерлер Жібек жолының естеліктерін нұрландырды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында «Шыңжаңдағы байырғы жұрттарды іздеу» тақырыбындағы тілшілер тобы Байынғолын облысының Чарқылық ауданына барып, Кроран (Loulan) мұражайы мен ежелгі Миран қаласының жұртын аралады. Қазіргі уақытта Кроран (Loulan) мұражайында 5838 мәдени жәдігердің коллекциясы бар. Олардың ішінде негізінен ағаштан жасалған артефактілер, қыш ыдыстар, қола ыдыстар және мумияланған адам сүйектері бар. Сонымен қатар ежелгі Кроран (Loulan)қаласы, Миран қирандылары және Сяохэ зираты сияқты тарихи мұраларды көрсететін кешенді экспонаттар сақталған. Бұл ежелгі орындар мен жәдігерлер терең тарихи мұраны қамтиды. Олар ежелгі Жібек жолы бойындағы Шығыс және Батыс өркениеттерінің терең тоғысуының айқын дәлелі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото