- Барлық ақпарат
Бір уақытта дүниеге келген бес бала ауруханадан шықты

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 22 мамыр күні шыңжаңдық ана босанған бесемдер Ухань университетінің Чжуннань ауруханасынан шықты. Жүктіліктің 28 аптасында, мерзімінен бұрын дүниеге келген бесемдер 86 күн бойы мұқият медициналық көмек алды. Содан кейін төрт бөбек аман-есен емханадан шығып, ата-анасымен қауышты, ал тек біреуі ғана жеңіл суық тиюге байланысты тағы бір-екі күн бақылауда жата тұратын болды. Дәрігерлер бір мезгілде туылған бес баланың барлығының денсаулығының жақсы болуы сирек кездесетін медициналық жағдай деп отыр. Қазіргі уақытта бөбектердің орташа салмағы туғандағы салмағымен салыстырғанда 2,5 есеге артты.
Алғыс білдіру үшін ата-анасы емханадан шығару рәсіміне Шыңжаңның ерекше тағамы — қақталған қойды алып келді. Ал медицина қызметкерлері бөбектерге жаңа киімдер ұсынып, тілектер арнады. Балалардың ата-әжелері тіпті 5000 шақырымдай жол жүріп, Шыңжаңнан Уханьға келді. Бесемнің анасы Уханьда тағы алты ай бойы тұрып, балалардың денсаулық жағдайы толығымен тұрақтанғаннан кейін ғана Шыңжаңға қайтатынын айтты.




people.cn © People's Daily Online



