8-інші «Ғарыштық кездесу»

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Орбитаға шыққаннан кейін, «Шэньчжоу-23» басқарылатын ғарыш кемесі 25 мамыр күні сағат 02:45-те Қытай ғарыш станциясымен сәтті түйісті.

Сағат 05:13-те өз миссиясын орындап жатқан «Шэньчжоу-21» ғарышкерлер экипажы «үйдің есігін» ашып, Қытай ғарыш станциясына «Шэньчжоу-23» экипажын қарсы алды. Бұл Қытайдың ғарыш тарихындағы 8-інші «ғарыштық кездесу», сондай-ақ Сянганнан келген ғарышкердің «Тяньгунға» алғаш кіруі.

24 мамыр күні «Шэньчжоу-23» басқарылатын ғарыш кемесін тасымалдайтын «Ұзақ жорық-2F Y23»(Чанчжэн-2F Y23)зымыраны еліміздің солтүстік батысындағы Цзюцюань спутниктік ұшыру орталығынан тұтанып, ұшырылды. «Шэньчжоу-23» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы толығымен сәтті өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото