- Барлық ақпарат
Хуанхэ өзенінің «Алтын сарқырамасы» табиғи көркем суретке айналды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 мамыр
26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хуанхэ өзенінің жоғарғы ағысындағы үздіксіз жауын-шашынның әсерінен, Цзинь-Шэнь шатқалының бойында орналасқан Хуанхэ өзеніндегі Хукоу сарқырамасының су көлемі күрт өсті. Судың лездік ағыны секундына 900 текше метрден асып, таңғажайып «Алтын сарқырама» көрінісі қалыптасты.
Айбынды Хуанхэ суы буырқана ағып, Хукоу жартасынан төмен құлап, толқындар шатқал түбіндегі жартастарға соғылып, көкке шашыраған көбіктен тұман қалыптасты. Тау мен өзен жарасым тапқан ерекше әсерлі көрініс – «көктен құйылған Хуанхэ суы» деген атақты поэзиялық суретті толығымен көрсетіп, көптеген туристерді тамашалауға шақырды.







(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



