Юньнаньдағы бір түп ағашқа салынған жүз араның ұясы

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 мамыр

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 21 мамыр күні Юньнань өлкесінің Пуэр қаласы Ланьцан Лаху автономиялық ауданында орналасқан Цзинмай тауында биіктігі шамамен 50 метрдей бір түп тау інжір ағашы өседі. Оның бұтақтарының арасында 110-ға жуық араның ұясы салынған. Көрінісі ғажап-ақ.

Жергілікті халық бұл ағашты құрметтеп, «Ара патшасы ағашы» деп атайды. Ірі мерекелер кезінде көпшілік осында келіп, «ара шақыру» рәсімін орындайды. Алайда, ағашқа жақындап ұяны бұзып, араның балын алуға қатаң тыйым салынған. Аралар мен басқа да жәндіктер ежелгі шай ағаштарын тозаңдандыруда маңызды рөл атқарып, шай орманындағы маңызды экологиялық байланыс қызметін орындаған. «Ара патшасы ағашы» биоәртүрліліктің тірі куәсі және жергілікті халықтың экологиялық даналығының айқын көрінісі. Мәуелі ағаш биологиялық әртүрлілік пен ұлттық мәдениеттің жарасымды өмір сүруінің куәсіндей жайқалып тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото