Лунмэнь тас үңгірлері Сяншань ғибадатханасының орнынан Тан дәуіріндегі қабырға сурет табылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 мамыр

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Лунмэнь тас үңгірлерін ғылыми-зерттеу институты жақында аралда, Лоян қаласындағы Лунмэнь тас үңгірлері Сяншань ғибадатханасының орнындағы археологиялық қазба жұмыстары барысында Тан дәуіріне жататын бір қабырға суретті байқағанын жария етті.

Бұл қабырға суреті салыстырмалы түрде жақсы сақталған, ұзындығы 1 метр, биіктігі 0,4 метр. Суретте – аң-құс бет-әлпетінің ою-өрнегі бейнеленген, екі көз, мұрын, ауыз сызықтары анық көрінеді. Тан дәуіріндегі ғибадатхана ғимараттарының қабырға суреттері өте сирек сақталған, бұл табылған жәдігер сол кездегі ғибадатхана мен храм қабырға суреттерінің көркемдік деңгейін нақты көрсетіп тұр.

Сяншань ғибадатханасы Тан дәуірінде салынған, оның орны қазіргі уақытта 40 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. 2016 жылдан бастап Лунмэнь тас үңгірлерін ғылыми-зерттеу институты Бейжің университеті және басқа да мекемелермен бірлесіп археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, үш ғимараттың іргетасын тазартып алған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото