- Барлық ақпарат
Қытай (Шыңжаң)-Қырғызстан инвестиция және импорт-экспорт саудасын үйлестіру кездесуі Үрімжіде өтті

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 26 мамырда Шыңжаң халықаралық сауданы дамыту жөніндегі кеңесі мен Қырғызстан сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп ұйымдастырған Қытай (Шыңжаң)-Қырғызстан инвестиция және импорт-экспорт саудасын үйлестіру кездесуі Үрімжіде өтті. Кездесуге Қырғызстан экономика және сауда министрлігінің, Нарын облысы, Жалалабат облысы және басқа да аймақтардың үкімет өкілдері мен бизнес қауымдастықтан 50-ден астам қонақ қатысты. Екі тарап ынтымақтастық әлеуетін толық ашып, Қытай мен Қырғызстан арасындағы экономикалық-сауда және өнеркәсіп ынтымақтастығын тереңдетуге, нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік қарастырды.
Бұл үйлестіру кездесуі энергетика мен химия өнеркәсібі, сауда-логистика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы, құрылыс материалдары, қызмет көрсету саласы сияқты негізгі бағыттарды қамтыды. Екі тараптың 140-тан астам кәсіпорны нақты сәйкестендіру жұмыстарын жүргізіп, сауда-логистика, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы өнімдері және т.б. салаларда бірнеше ынтымақтастық келісімдеріне қол жеткізді.

people.cn © People's Daily Online



