Қытай брендтерінің еуропалық электромобильдер нарығындағы үлесі алғаш рет 15%-дан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 27 мамыр

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Dataforce нарықты зерттеу фирмасы жақында жариялаған деректерге сәйкес, осы жылдың сәуір айында қытайлық автомобиль брендтерінің еуропалық электромобильдер (ЭК) нарығындағы сатылым үлесі алғаш рет 15%-дан асып, жаңа тарихи рекорд орнатты. Бұл жетістік еуропалық тұтынушылар арасында қытайлық жаңа энергия көліктеріне деген тұрақты және күшті сұранысты көрсетеді.

Дәл осы агенттіктің деректеріне сілтеме жасай отырып, Bloomberg жақында сәуір айында BYD және Chery сияқты қытайлық брендтердің таза электромобильдерінің сатылымы Еуропада 38 281 данаға жеткенін, бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда бір есе өсімді көрсеткенін хабарлады. Таза электромобильдерден басқа, қытайлық автоөндірушілер де қосылатын гибридті көлік сегментінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, сәуір айында сатылым үлесін шамамен 29%-ға жеткізді. Қазіргі уақытта қытайлық автомобиль брендтерінің еуропалық автомобиль нарығындағы жалпы үлесі шамамен 10%-ды құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото