- Барлық ақпарат
Екінші отандық ірі круиздік кемесі «Adora Flora City» теңіз сынақтарынан табыспен оралды

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 27 мамыр күні түсте екінші отандық ірі круиздік кеме — «Adora Flora City» (H1509) — Қытай мемлекеттік кеме жасау корпорациясының (CSSC) еншілес компаниясы Shanghai Waigaoqiao Shipbuilding Co., Ltd. компаниясының 5-інші айлағына оралды. 12 күн, 11 түн бойы қатаң сынақтан өткеннен кейін, кеме барлық 149 теңіз сынақ жобаларының стандартталған тексерістерін орындап, табыспен оралды.
Теңіз сынақ тобының маңызды қиындықтарды шешудегі күш-жігерінің арқасында негізгі техникалық кедергілер, соның ішінде негізгі қозғалтқыш жүйелері, кемені басқару, жылдамдыққа төзімділік, кемедегі діріл және шу деңгейлері, дрон операциялары және құтқару қайықтарын орналастыру сынды барлық саласы сәтті тексеріліп, қабылданды. Теңіз сынақтары барысында кеменің жұмыс жасау мүмкіндігін, автоматтандыру деңгейін, қауіпсіздігі мен жолаушылардың жайлылығын, сондай-ақ шығарындылар стандарттарын ең жоғары стандарттарға сәйкес жан-жақты растайтын 45 іске қосу процедурасы мен 149 тексеру сынағының барлығы 100% орындалды.




people.cn © People's Daily Online



