«Қытайға экспорт»  Қазақстан арнайы іс-шарасы Үрімжіде өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 маусым

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25 маусымда Үрімжі қаласында «Қытайға экспорт» Қазақстан арнайы іс-шарасы және Тоғызыншы Қытай халықаралық импорт көрмесінің инвестициялық жәрмеңкесі өтті. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының төрағасы Әркін Тұнияз сынды Қытай мен Қазақстан үкімет өкілдері іс-шараға қатысып, сөз сөйледі.

Қытай халықаралық импорт көрмесі бюросы директорының орынбасары Гэ Хун таныстыру барысында импорт көрмесі қатарынан сегіз рет табысты өткізілгенін атап өтті. Ресми өкіл Қазақстан және басқа елдердің кәсіпорындарын шараға белсенді қатысуға, озық тауарларын насихаттауға, серіктестер іздеуге және жаһандық нарықты кеңейтуге шын ниетпен шақырды.

Бұл іс-шараға 30-дан астам қазақстандық экспорттаушылар мен Шыңжаң және басқа да өлке мен аймақтардан келген 200-ден астам сатып алушы кәсіпорындар, сауда-өнеркәсіп одақтары қатысып, өзара тікелей байланыс орнатты. Қазақстан майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығы, «Bacchus» акционерлік қоғамы сынды қытайлық және шетелдік кәсіпорындардың өкілдері жиында баяндама жасап, өзара пікір алмасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото