- Барлық ақпарат
Қытай ғылыми қызметкерлері Хуанъянь аралынан сирек кездесетін маржан рифінің көк шыңырауын байқады

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Экология және қоршаған орта министрлігі 25 маусымда жарияланған зерттеу баяндамасында Оңтүстік Қытай теңізіндегі Хуанъянь аралының лагунасынан табиғи түзілген маржан рифінің көк шыңырауы табылғанын мәлімдеді.
Көк шыңырау – теңіз суының эрозиясы немесе маржан рифтерінің өсуі салдарынан пайда болатын өте сирек кездесетін геологиялық құбылыс. Ол терең көк су қойнауы мен ерекше үңгір құрылымының арқасында тартымды табиғи ландшафтқа айналған. Ол «мұхиттың көз қарашығы» деп аталады және маңызды экологиялық, ғылыми-зерттеу құндылығына ие. 2025 жылдың тамызында Экология және қоршаған орта министрлігіне қарасты Оңтүстік Қытай экология ғылыми-зерттеу институты Гуанси университеті және басқа да мекемелермен бірлесіп, Хуанъянь аралында экологиялық ортаға зерттеу жүргізу барысында осы көк шыңырауды анықтады.
Өлшеу нәтижелері бойынша, көк шыңырау сағасының ауданы шамамен 1491,7 шаршы метр, ең үлкен диаметрі 56,3 метр, тереңдігі 16,6 метр, ішкі пішіні шұңқыр тәрізді, шыңыраудың түбі тар. Алдын ала геологиялық мерзімін зерттеу болжамына сәйкес, бұл шыңырау кем дегенде 3200 жыл бұрын пайда болған.
people.cn © People's Daily Online



