- Барлық ақпарат
Такламакан шөлінде сел жүрді

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы күндері Шыңжаңдағы Такламакан шөлінің оңтүстік шетінде орналасқан Хотан және Байынғолынның Чершен аймақтарында нөсер жаңбыр жауды. Қатты жауын-шашыннан жүрген сел шөлді айналып өтетін тасжолды басып, ойпатты, шөлді жерлерді тасқын су алды.
Такламакан шөлі — еліміздегі ең үлкен және әлемдегі 10-ыншы үлкен шөл. Сонымен қатар ол дүниежүзіндегі 2-нші ең үлкен көшпелі құмды шөл. Бұл аймақ ұзақ мерзімді құрғақшылық пен жауын-шашынның өте сирек жаууымен ерекшеленеді. Орын алған су тасқыны қоғамның назарын аударды. Қытай метеорологиялық басқармасының сарапшылары құрғақ аймақтағы кенеттен жауған жаңбыр салдарынан су тасқынының болуы жаңбыр суының ауа қысымының әсерінен тасымалдануы мен жергілікті жер бедері сынды жағдайларға байланысты екенін түсіндірді.

people.cn © People's Daily Online



