- Барлық ақпарат
Тоғызыншы Қытай—Еуразия көрмесі ашылды

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25 маусымда Шыңжаң халықаралық конгресс және көрме орталығында Тоғызыншы Қытай-Еуразия көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Биылғы іс-шара «Жібек жолының жаңа мүмкіндіктері — Еуразияның жаңа серпіні» ұранымен өтіп, Қазақстан мен Пәкістан арнайы қонақ мемлекет ретінде шақырылды.
Көрменің жалпы ауданы 140 мың шаршы метрді құрайды. Шараға 49 мемлекет пен аймақ, халықаралық ұйымдар қатысып, 27 мемлекет пен аймақ өз павильондарын жеке ұйымдастырды. Көрмеге 3000-нан астам отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.
Тоғызыншы Қытай-Еуразия көрмесі барысында «Қытайға экспорт» Қазақстан арнайы іс-шарасы өткізілді, алда Қытай кәсіпорындарының Орталық Азия нарығына экспорты жөніндегі байланыс-диалог іс-шарасы, Қытай (Шыңжаң) — Орталық Азия Жібек жолы электронды коммерция саласындағы үкімет пен кәсіпорындар арасындағы диалог секілді шаралар өткізіледі.
Көрмеге алғаш рет жаңа сапалы өндіргіш күштер мен жасыл даму екі арнайы аймағы қосылды. Жасанды интеллект, цифрлық экономика сияқты озат және жаңа салаларға ерекше назар аударылады. Көрме барысында 80-нен астам ілеспе экономикалық және сауда-саттық байланыс іс-шаралары өтеді. Көрменің мақсаты - дәл ұштастыру үлгісінде іскерлік ынтымақтастық алаңын құрып, өзара байланысты тереңдетіп, ортақ ұтыс пен өзара тиімділікке ұмтылу.
people.cn © People's Daily Online



