Ганьсу (Ланьчжоу) халықаралық құрлық порты химиялық өнімдерге арналған алғашқы Қытай-Еуропа жүк пойызын іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 маусым

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25 маусым күні 1210 тонна жоғары сапалы полиолефиндер мен мамандандырылған жаңа химиялық материалдарды тасымалдайтын химиялық өнімдерге арналған алғашқы Қытай-Еуропа жүк пойызы Ганьсу (Ланьчжоу) халықаралық құрлық портынан сәтті жолға шықты. Бұл порттың химиялық өнімдерге арналған алғашқы Қытай-Еуропа жүк пойызы.

Ланьчжоудан жолға шыққан пойыз Алашанькоу шекара өткелі арқылы елден шығып, Қазақстан, Ресей және Беларусь арқылы өтіп, Польшаның Варшава қаласына жетеді. Дәстүрлі құрлық-теңіз тасымалының біріктірілген модельдерімен салыстырғанда, бұл Қытай-Еуропа жүк пойызының қызметі тікелей, үздіксіз бағытты ұсынады. Онда қайта тиеу немесе контейнерлерді түсірудің қажеті жоқ. Осылайша кедендік ресімдеу уақыты да, жүк шығыны да айтарлықтай азаяды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото