Қытайдың бірегей кәсіпорындарының саны әлемде екінші орында

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 26 маусым

26 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 25 маусымда Хужунь зерттеу институты 2026 жылғы жаһандық бірегей кәсіпорындар тізімін жариялады. Бұл тізімге 2000 жылдан кейін құрылған, нарықтық құны 1 миллиард АҚШ долларынан асатын, биржада тіркелмеген компаниялар енгізілген. Биыл әлемде барлығы 1603 үздік кәсіпорын анықталды. Бұл - тарихи рекордтық көрсеткіш. Қытай 381 бірегей кәсіпорнымен әлемде екінші орынға ие болды.

АҚШ 806 бірегей кәсіпорнымен тізімде бірінші орынға шығып, әлемдік жалпы көрсеткіштің 50,3 пайызын иеленді. Қытай 381 кәсіпорынмен екінші орында көрінді. Өткен жылмен салыстырғанда 38 кәсіпорын қатарға қосылған.

Мұндай өсім арқылы Қытайдың бірегей кәсіпорындар саласының құрылымы өзінің технологиялық күш-қуатын әйгілеп отыр. Жаңа тізімге енген кәсіпорындардың басында DeepSeek тұр. Одан кейін Шэньчжэньдегі 3D басып шығару компаниясы «Точжу» (Bambu Lab) орналасқан. Салалық бөлініс бойынша негізгі бағыттар — робот техникасы, жасанды интеллект, жартылай өткізгіштер саласы, сонымен қатар жаңа энергетика, аэроғарыш салалары қамтылған.

Хужунь тобының басшысы Қытайдың бірегей кәсіпорындарының саны бес жыл ішінде 500-ден асуы мүмкін екенін айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото