- Барлық ақпарат
Қытай жазушысы Мо Янь Алматыға барды

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 24 маусым күні Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы М.Құлкенов пен Қытай Жазушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығына барды.
Бас консул Су Фанцю әлемге әйгілі қытай жазушысы Мо Яньнің Қазақстан Жазушылар одағының шақыруымен жасалған сапары кезінде көптеген қазақстандық оқырмандар мен жанкүйерлердің қуана қарсы алуына куә болғанын жеткізді. Ол бұл сапардың қазақ қоғамының қытай тарихы мен мәдениетіне деген түсінігін тереңдетуде және екі ел халықтары арасындағы тығыз байланысты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. М.Құлкенов пен Мо Янь әдебиет ұлт пен халықты түсінудің маңызды жолы болып табылатынын айтты. Олар екі тарап әдеби шығармалардың өзара аудармасын нығайтады, мәдени алмасуларды кеңейтеді және екі халық арасындағы тату көршілік достықты тереңдетеді деген үміттерін білдірді.

Сол күні М.Құлкенов, Мо Янь, қытай жазушысы Әкбар Мәжитұлы Бас консул Су Фанцюмен бірге Алматыдағы Сянь Синхай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Фото:ҚХР Алматыдағы Бас консулдығы
people.cn © People's Daily Online



