Мінберден егістікке дейін: Қытай ауылындағы партия хатшысының жауапкершілік парағы

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 29 маусым

29 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 51 жастағы Ли Цюаньшэн бұрын Бейжің шет тілдері университетінің дене шынықтыру мұғалімі болатын. 2024 жылдың басында ол Бейжің қаласының Миюнь аумағына қарасты Шаоцюйцунь ауылына «бірінші партия хатшысы» болып тағайындалып, жергілікті ауылды дамыту жұмысына кіріседі. Университет мінберінен егістік алқабына дейін ол жаңа рөліне тез бейімделді.

Ли Цюаньшэн экономикалық мәселелерге ғана емес, білімге де ерекше мән берді. Ол жиырма жылдық оқыту тәжірибесі бар «Цзяоди» (қытай күресі) пәнін ауылдық бастауыш мектепке енгізіп, университетке ағылшын тіліндегі түпнұсқа кітаптарды сыйға тартуға ұйытқы болды. Оның ойынша, бұл балалардың дене бітімін шыңдап қана қоймай, ауыл балаларының дүниетанымын кеңейтіп, ауыл болашағы үшін күш жинақтайды.

Халықтың тұрмысына қатысты Ли Цюаньшэн жалғыз тұратын қарияларды үнемі жадында ұстады. 81 жастағы Дяо Шуфан сияқты қариялардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін ол бірнеше рет аралап, жол салуды жоспарлап, өзі де үйлеріне барып, қариялардың күнделікті тұрмыстағы нақты қиындықтарын шешуге көмектесті.

Ауылдағы дәмі татымды бірақ сатылымы нашар қызанақты сату үшін Ли Цюаньшэн интернет көмегімен әлеуметтік желілер мен қысқа бейнелер арқылы насихаттады. Оның ықпалымен тіпті олимпиада чемпионы Ло Сюэцзюань да насихаттауға қатысып, ауылшаруашылық өнімдерінің нарығын сәтті ашты.

Қазір өкілеттік мерзімі аяқталуға жақындап қалған Ли Цюаньшэн 120 мың сөзден тұратын зерттеу есебін дайындап шықты. Ол осы бағалы тәжірибелерді келесі партия хатшысына қалдырып, халыққа қызмет ету эстафетасын жалғастыруды мақсат етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото