Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының 4-інші дәстүрлі қытай медицинасы мәдениетін насихаттау апталығы Астанада  өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 маусым

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қазақстанның елордасы Астанада Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының 4-інші дәстүрлі қытай медицинасы мәдениетін насихаттау апталығы өтті. Іс-шараны Сиань дәстүрлі қытай медицинасы энцефалопатиясы ауруханасы және оның қазақстандық серіктестері бірлесіп, Шэньси өлкесінің дәстүрлі қытай медицинасы басқармасының басшылығымен ұйымдастырды. Шэньсиден келген медициналық сарапшылардың көп салалы тобы бір апталық іс-шара барысында кең ауқымды тегін клиникалар, Шэньси дәстүрлі қытай медицинасы, Шэньси дәстүрлі қытай медицинасында қолданылатын дәрі-дәрмегі мәдениеті бойынша көрме, дәстүрлі қытай медицинасы диагностикасы, ем жасау және оңалту әдістері бойынша тренингтер өткізді. Шараға көптеген жергілікті тұрғындар қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото