2026 жылғы алғашқы Қытай-Орталық Азия туристік пойызы Сиань қаласынан жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 шілде

1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 29 маусым күні 260 турисі бар Y207 пойызы Сиань теміржол вокзалынан батысқа қарай, Қазақстанның Алматы қаласына бет алды. Бұл 2026 жылғы алғашқы Қытай-Орталық Азия мәдени туризмі арнайы пойызының (Сиань-Алматы) іске қосылуын білдіреді. China Railway Xi'an Group Co., Ltd. және Сиань қалалық мәдениет және туризм бюросы бірлесіп пойыз бағытын жазғы саяхат маусымына орай ұйымдастырған. Пойыз ежелгі Жібек жолы бойымен батысқа саяхат жасайды. Бағыт Хэси дәлізін кесіп өтіп, Тяньшань тауларын артқа тастап, Қорғас порты арқылы туристерді Жібек жолы бойымен саяхаттатады.

Мәліметтерге сәйкес, 16 күн 15 түндік сапар жасайтын толығымен 25T және 19K жұмсақ ұйықтайтын (люкс жұмсақ ұйықтайтын) вагондардан тұратын пойыз жолаушыларға «пойыз өздерін күтіп тұратын саяхат» қызметін ұсынады. Сапар барысында материалдық емес мәдени мұра қолөнері, дәстүрлі қытай медицинас сауықтыру сессиялары, каллиграфия, кескіндеме және дәстүрлі музыка көрмелері, Жібек жолы этникалық музыкалық аспаптарын тартып көру және этникалық ән айып, би билеу сияқты бай мәдени іс-шаралар тізбегі ұсынылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото