- Барлық ақпарат
Қытайдың шекаралық ауданы Мэнляньдегі кофенің трансформациясы
1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың оңтүстік-батыс шекарасында орналасқан Юньнань өлкесінің Мэнлянь ауданы жоғары сапалы кофе арқылы үлкен өзгеріске қол жеткізді. Бұл өзгеріс – ауыл тұрғындарының ондаған жылдарға созылған ұжымдық күресі мен билік органдарының іскерлік көмегінің ортақ нәтижесі.
Мэнлянь тұрғандарының еңбекқорлығы мен жаңашылдығы саланың іргетасын қалады. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында ақсақалдар тау беткейлерінде кетпенмен жер ашып, ағаш отырғызып, кофе өсіру технологиясын игеруге талпынған. Қазір жас буын эстафетаны жалғастырып, батыл жаңашылдық танытып келеді: Чжао Хуа ва ұлтының мәдениетін кофеханаларға енгізіп, қысқа бейнелер мен электронды коммерция арқылы кофе дәндерін Жапония мен Австралияға сатады.
Гуань Юн болса «кері кәсіпкерлік» жолын таңдап, алдымен нарықты меңгеріп, содан кейін плантация құрды және тау ішіндегі бос қалған бастауыш мектепті мәдени-туристік кешенге айналдырды.
Ауыл тұрғандарының батыл бастамаларының артында жергілікті билік органдарының нақты қолдауы тұр. Ли Мэйин – Мэнлянь ауданының шай және ерекше биологиялық өнімдерді дамыту орталығының партия комитетінің хатшысы, директоры. Ол жұмыстан кейін жаңа ашылған кофе көшесінде келушілерді қарсы алуға көмектеседі, ауыл тұрғандары оған сенгені соншалықты, дүкендерінің кілтін беріп, дүкенге қарай тұруды тапсыратын болған.
Қарт буын ауыл тұрғандарын кофе өсіруге бастауынан бастап, Ли Мэйин секілді буынның көрмелерге қатысып, дәріптеу және алаң құруына, содан кейін Гуань Юн мен Чжао Хуа секілді жас буынның кәсіпкерлік жасап, бренд құруына дейін – бұл уақыт аттаған эстафета.
«Халыққа қызмет етуді» қалай түсінуге болады? «Әрбір ұсақ істі берік әрі жақсы атқару – оның ең жақсы көрінісі», – дейді Ли Мэйин.
Билік пен халықтың бірлескен күші мол нәтиже берді: Гуань Юнның плантациясы жақында 86 үй шаруашылығын орташа есеппен жыл сайын 75,6 мың юань қосымша табыс табуға ықпал етті. Мэнляньнің тәжірибесі көрсеткендей, шалғай аймақтардың дамуы – ауыл тұрғандарының тынымсыз күресі мен билік органдарының жан-жақты қолдауының тамаша үйлесімі.

people.cn © People's Daily Online



