Іледен Ақсуға дейінгі теміржол құрылысы толық басталды: Жобаны 2032 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 шілде

1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 30 маусымда Іледен Ақсуға дейінгі теміржолдың құрылысы толықтай басталды. Жобаны 2032 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сол кезде ол басқа желілермен бірге Шыңжаң теміржол үлкен сақинасын құрып, солтүстік және оңтүстік Шыңжаң арасында Тұрпан арқылы айналып өту тарихына түбегейлі нүкте қояды.

Іле-Ақсу теміржолы Іле облысының Құлжа стансасынан басталып, Баянгол Моңғол автономиялық облысы, Әскери-өндірістік корпусының 4-інші дивизиясы арқылы өтіп, Ақсу аймағының Ақсу стансасына жалғасады. Оның жалпы ұзындығы шамамен 798 шақырымды құрап, барлығы 22 станса салынады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото