БАӘ-нің Қытайдың қатысуымен салынған алғашқы жолаушылар теміржолы сынақ жұмыстарын бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 шілде

2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 30 маусым күні бірнеше қытайлық кәсіпорындардың бірлесуімен салынған БАӘ-нің алғашқы Etihad жолаушылар теміржолы сынақ жұмыстарын бастады.

Абу-Даби мен Фуджейраны байланыстыратын бастапқы бағыттың жалпы жүру уақыты шамамен 1 сағат 45 минутты құрайды. Жоспарға сәйкес теміржол БАӘ-нің 7 әмірлігінің 11 қаласы мен аймағын байланыстырады.

Қытайдың БАӘ-дегі елшісі Цзэн Цзисинь бұл жоба Қытай мен БАӘ арасындағы «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада бірлесіп салу бастамасындағы маңызды жетістік екенін мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото