- Барлық ақпарат
«Кемпірқосақ» киген қыз! Ресейлік бойжеткен Сицзанда «бандиан» тоқу өнерімен танысты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 шілде
2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бандиан – жүннен тоқылған алжапқыш. Ол сицзандықтардың ұлттық киімінің маңызды әшекейі болып табылады. 2006 жылы осы бандиан тоқу шеберлігі мемлекеттік дәрежедегі материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді. Сицзан автономиялық регионының Шаньнань қаласындағы Гунга ауданына қарасты Джедэсю қалашығы «бандианның отаны» деген атқа ие. Онда түрлі-түсті тоқылған алжапқыштар қатарласа тізілгенде, беліңе кемпірқосақ байлағандай әсер береді.
Ресейлік бойжеткен Елена сицзандықтардың ұлттық киімін киіп, беліне бандиан байлап, көне тоқу станогына отырды. Жіпті саусағына іліп, арқау мен жіпті алма-кезек ауыстырып, өз қолымен «кемпірқосақ» тоқып көрді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



