Биылғы жылдың алғашқы 5 айында Қытайдың қызмет көрсету саласындағы сыртқы сауда көлемі 6%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 шілде

2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Сауда министрлігінің 1 шілдеде жариялаған мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қытайдың қызмет көрсету саласындағы сыртқы саудасының жалпы көлемі 3099,48 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті.

Мәліметтер көрсеткендей, қаңтар-мамыр айларында Қытайдың қызмет көрсету саласы экспорты 1230,46 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға өскен; ал импорт 1869,02 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артқан. Қызмет көрсету саудасының тапшылығы 638,56 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160,72 миллиард юаньға қысқарған.

Нақтырақ айтқанда, білім саласындағы қызмет экспорты шапшаң өсті. Қаңтар-мамыр айларында білім саласындағы қызметтердің импорты мен экспорты 1368,74 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға ұлғайды. Бұл қызмет көрсету саласындағы сыртқы сауда жалпы көлемінің 44,2%-ын құрады. Білім қызметтерінің экспорты 667,75 миллиард юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ға өсті. Оның ішінде ең жылдам өскен сала - зияткерлік меншікті пайдалану құқығы мен жеке мәдени және ойын-сауық қызметтерінің экспорты болды. Саланың өсу қарқыны сәйкесінше 64,9% және 50,1% болды. Білім саласы қызметтерінің импорты 700,99 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға кеміді.

Саяхат қызметтерінің экспорты мен көлік қызметінің импорты салыстырмалы түрде жылдам өсті. Қаңтар-мамыр айларында саяхат қызметінің экспорты 188,5 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,3%-ға жоғарылады. Бұл бес ірі қызмет экспорты саласының ішіндегі ең жылдам өсу қарқыны болды; көлік қызметінің импорты 402,52 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға ұлғайды. Бұл бес ірі қызмет импорты саласының ішіндегі ең жылдам өсу көрсеткіші болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото