Нинся сиырларының 3-інші партиясы Өзбекстанға жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 2 шілде

2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 1 шілде күні Нинсяның Учжун қаласынан келген 325 тұяқ тірі сиырлар табыны Шыңжаң портынан шекарадан өтіп, Қырғызстан арқылы Өзбекстанның Ташкент қаласына жеткізілді. Бұл Учжун қаласының Өзбекстанға 3-інші рет тірі сиыр экспорттауы. Жөнелтілген малдың жалпы саны 1100-ден асты.

Өзбекстаннан келген кәсіпкер Фазлиддин аймақтың бұрын негізінен Батыс Еуропа мен Ресейден асыл тұқымды сиыр сатып алатынын, кейін салыстыра келе Нинся сиырларының етті әрі сүтті болатынын байқағанын айтты. Сиыр сүтінің сапасы ЕО стандарттарына сәйкес келеді немесе одан да асып түседі. Бұл оларға айқын бәсекелестік артықшылық берді.

Сиырлар тасымалы жалпы 4300 шақырым қашықтықты басып, 6 жүк көлігіне бөліп, жеткізілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото