- Барлық ақпарат
Корладағы ірі тыңайтқыш зауытының көшіріліп, қайта жаңғыртылу жобасы іске қосылу алдында

2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 30 маусымда Корла Шанку жоғары технологиялық даму аймағының мұнай-химия өнеркәсіп саласы алаңында Майтау Тарым ірі тыңайтқыш зауытын көшіріп, қайта жаңғырту жобасының құрылысы қызу жүріп жатыр. Бұл жоба аралық қабылдау-тапсыру рәсімін сәтті аяқтап, сынақтан өткізу дайындығы кезеңіне кірісті. Нысанның биылғы жылдың екінші жартысында ресми түрде іске қосылуы жоспарлануда.
Бұл жоба – жалпы инвестициясы 25,6 миллиард юаньнан асатын Қытай мұнайы Майтау Тарым мұнай-химия (жылына) 1,2 миллион тонналық екінші фазалық этилен жобасының негізгі ілеспе инженерлік құрылысы болып табылады. Ол региондық деңгейдегі басты жасыл төменкөміртекті көрсеткіштік жоба ретінде белгіленді. Қосымша жоба бойынша жылына 450 мың тонна аммиак синтезі және жылына 800 мың тонна карбамид агрегаты салынады.
Жоба іске қосылғаннан кейін, оңтүстік Шыңжаңның ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар тұрақты түрде жеткізіліп қоймай, сонымен қатар жыл бойы көп мөлшердегі өнеркәсіптік көмірқышқыл газын қайта өңдеп қабылдай алады. Мұнай-химия қосалқы өнімдерін айналмалы пайдалануды ілгерілетіп, өндірістегі көміртекті шығарындыларды тиімді түрде азайтады.
people.cn © People's Daily Online



