Тяньцзинь Қазақстанға баратын алғашқы тасжол-теміржол интермодальды жүк пойызын іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 шілде

3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 1 шілде күні Тяньцзинь халықаралық құрлық порты Қазақстанға баратын алғашқы тасжол-теміржол интермодальды жүк пойызын іске қосты.

Сол күні Тяньцзинь халықаралық құрлық портынан машина бөлшектері, болат бұйымдары, ағаш тақтай және консервіленген тағамдар тиелген контейнерлік пойыз жолға шықты. Шыңжаңның Тарбағатай аймағына жеткеннен кейін жүк автомобиль көлігіне ауыстырылып, елден Бақты порты арқылы шығып, Қазақстанның Алматы мен Астана қалаларына барады. Жалпы транзит уақыты шамамен 14 күнге жалғасады.

Фото:Тяньцзинь қаласы Сицин аумағы халық үкіметі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото